425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде кәсіпкерлер дәрігерлерге қол ұшын созды

  • 359
  • UPD: 09:43, 17.04.2020
Өскеменде кәсіпкерлер дәрігерлерге қол ұшын созды

Өскемендегі провизорлық госпитальде наурыз айының басынан бері 132 адам жазылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір 42 адам ем алып жатыр. Олар шет елден сапарлап келіп, тұмау  немесе өкпе қабынуы белгілері байқалғандар мен коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен аралас болған. Арасында балалар да, қарттар, тіпті, жүкті әйелдер де бар. Дәрігерлердің айтуынша, госпитальдегі жұмыс қауырт. Мұнда жалпы 49 медициналық маман қызмет етіп жүр. Бәрі де басын тәуекелге тігіп, пациенттерге күн-түн демей көмек беруде. Отбасын көрмегендеріне де көп болды. Көпшілігі сол маңдағы қонақ үйде орналасқан. Сондықтан демеушілер дәрігерлердің осы бір жанкешті еңбегін ескеріп, оларға қолдау көрсетуді жөн санады. Бір кәсіпкер  провизорлық бөлім мамандарына планшеттер алып берсе, енді бірі  кір жуатын машина, телевизор алған. Кәсіподақ өкілдері мен еріктілер де атсалысып, азық-түлік жиынтықтарын табыстады.

Гүлмира Ділдәбекова  провизорлық бөлімнің стационар меңгерушісі:

– Біз үшін қазір осындай қолдаудың орны ерекше. Өйткені бүгінгідей қарбаласта жұмыс өте ауыр. Сондықтан көмек бергендерге зор алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы