423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да құтқару қызметі жаңа тікұшақпен толықты

  • 351
  • UPD: 09:45, 17.04.2020
БҚО-да құтқару қызметі жаңа тікұшақпен толықты

Батыс Қазақстан облысы құтқару қызметінің арнайы техника паркі Қазақстанда құрастырылған ЕС 145 тікұшағымен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе көлігі санитарлық қызметтерден бөлек адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге, зардап шеккендерді тасымалдауға және қажетті қондырғыларды жеткізуге бейімделген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірінші кезекте өрт қаупі жоғары аумақтарды тікұшақпен зерттеп шықты. Тек осы көктемде аймақта 80 өртену оқиғасы трікеліп, 600 гектардай жердегі құрғақ шөп жанып кеткен. Жыл басынан бері өрттің тұтануына жол берген 90 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты.   

Нұрлан Таубеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Бұл тікұшақ жоқ кезде «Қазавиақұтқару» АҚ-ның жақын жердегі облыстардағы тікұшақтары тұрды. Ол мына Атырау немесе Ақтөбе қаласында. Қайсы жақынырақ болды, соны біз керек  кезде тартып отыратынбыз.
Артур Ғаббасов,  тікұшақ командирі:

– Санитарлық авиация кезінде бізде мына медмодулымыз бар, зембіл бар, сонымен көмек көрсетеміз. Қатты ауру адамдарды, машинамен апара алмайтын адамдарды біз ауылдан қалаға дейін тікұшақпен алып келеміз. Міне, жабдығы толық.

Хабар 24 телеарнасы