427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирустың қай түрі тарағаны алдағы апталарда белгілі болады

  • 274
  • UPD: 10:32, 17.04.2020
Қазақстанда коронавирустың қай түрі тарағаны алдағы апталарда белгілі болады

Алдағы екі аптада отандық ғалымдар коронавирустың Қазақстанда тараған түрін атап көрсете алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетерлігі, Уханьда пайда болып, әлемге тараған вирус түрлі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл – болмашы ғана өзгерістер. Десе де, ұлттық биотехнологиялар орталығының басшысы Ерлан Раманқұловтың айтуынша, қазақстандық екпені жасамас бұрын әуелі оның қай түрі елімізде тарағанын анықтап алу маңызды. «Ол үшін COVID-19 инфекциясының құрылымын мұқият зерттеп, еліміздегі үлгісін ажырату керек», – дейді вакцинология саласының маманы.

Ерлан Раманқұлов, ұлттық биотехнологиялар орталығының бас директоры:

– Осы үлгіге қарап-ақ, вирустың Қазақстанға қай елден келгенін айта аламыз. Қалыпты жағдайда тиімді вакцинаны дайындау үшін ондаған жылдар сарп етіледі. Вакцинаның әзірлеу бөлек те, ал оны сынау бір бөлек. Сынағанның өзінде, алдымен вирусты жұқтырып, одан кейін екпені салдыруға рұқсат берген еріктілерге егу қажет. Осылай ғана оның қорғаныс қасиетін зерттей аламыз. Бұл өте ауыр және ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Кей трансұлттық компаниялар сынақты бір жылда өткіземіз дейді. Бұл күні-түні тестілеуді қажет ететін қауырт жұмыс екенін түсіну керек.

Қазіргі таңда ұлттық биотехнологиялар орталығы вирусқа қарсы екпенің 4 түрін әзірлеуде. Оның екеуі векторлық, қалған екеуі суб-бірліктік саналады. Вирус бөлшегінің екпеге қосу тәсілі әртүрлі болғанымен, қос түрі де тиімді көрінеді.  Жалпы, бүгінгі таңда әлемде 4 вакцина клиникалық сынақтан өтсе, тағы 74 осы сынаққа дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы