421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік желідегі әзілкештер

  • 373
  • UPD: 11:01, 17.04.2020

Карантин әйгілі блогерлер мен вайнерлерді де үйде ұстап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Дегенмен олар миллиондаған оқырманның назарынан тыс қалған жоқ. Қазақстандықтардың басым көпшілігі телефонға үңілген шақта мүмкіндікті қалт жібермей, өз өнерлерін паш етіп жатыр.

Бұл бейнеролик екі жыл бұрын түсірілген. Бүгінде басқа мәнге ие бола бастады. Себебі қаланың тыныс-тіршілігі тоқтап, карантин жарияланды. Дегенмен, блогерлер уақытты тиімді пайдаланып, отбасымен бірге  контент жасап жатыр.

Ярослав Мелехин шығармашылық еркіндік үшін оқшаулану пайдалы дейді. Ол карантин кезінде шабыты шалқып, көптеген тың идеялар пайда болғанын айтады.

Ярослав Мелёхин,  видеоблогер:

– Барлығы бір топ тауықтың жүгіретін видеосын көрсетіп әлек. Карантин аяқталса да мен үйде қалатын сияқтымын. Себебі оңашада түрлі ойлар келеді, идея пайда болады. 

Қазір шығармашылық адамдарының отбасылары да түсірілімге қатысып, оны әлеуметтік желіде оқырмандарымен бөлісіп жатыр.

Ярослав Мелёхин, видеоблогер:

– Үйде әр күнім шығармашылыққа арналады. Түсірілімге отбасымның барлық мүшесі қатысады. Өзіміз сценарий жазып, түсірілім жасаймыз. Бұл – үлкен процесс.

Бүгінде әзілкештің әрбір видеосы кең таралып, қаралымы өсе түскен. Сонымен бірге оқырмандар да пікір қалдырып, ой бөліседі.

Ярослав Мелёхин,  видеоблогер:

– Бастапқыда режимді бұзамын деп ойладым. Алайда мұндай  роликтерді оқырмандарым зерікпес үшін жасап жатырмын ғой деген ойға келдім. Әлеуметтік желіде байланыс орнатып, уақытты бірге өткіземіз.

Елде төтенше жағдай жарияланғалы вайн мен әзілдердің көбі үйде түсіріліп жатыр. Бұл үрдіс кем дегенде мамырға дейін жалғасады. Қағытпа қалжыңның онлайн режимге көшуі – оқырман үшін де, оларға өз өнімін ұсынған әзілкештер үшін де уақыт өткізудің бір жолы.

Авторлары: Қанат Базылханов, Нарғыз Бекмағанбетова, Әлібек Әлиев

Хабар 24 телеарнасы