430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында мектеп бухгалтері 24 млн теңгені жымқырған

  • 391
  • UPD: 10:32, 17.04.2020
Атырау облысында мектеп бухгалтері 24 млн теңгені жымқырған Inbusiness.kz

Атырау облысында орта мектеп бас бухгалтерінің бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқыру әрекеті әшкереленді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Ол Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас бухгалтері болып шықты.

Жылыой аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік мекемелерде жауапты лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы