418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ШҚА 54 курсанты коронавирустан ем қабылдап жатыр

  • 223
  • UPD: 14:34, 17.04.2020
Алматыда ШҚА 54 курсанты коронавирустан ем қабылдап жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары бар.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

«Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны расталды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Хабар 24 телеарнасы