429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CTS қызметкерлері блокпосттардың жұмысына көмектесіп жатыр

  • 339
  • UPD: 15:22, 17.04.2020
CTS қызметкерлері блокпосттардың жұмысына көмектесіп жатыр

City Transportation Systems қызметкерлері елорданың тосқауыл бекеттерінен өтіп жатқан азаматтарға кеңес беруде. Бұл туралы Елорда Инфо CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 19 наурызынан бастап көлік бақылау департаментінің қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерінде жұмыс атқарып келеді.

30 наурызға дейін КБД қызметкерлері алты тосқауыл бекетінде (Нұр-Сұлтан қаласы және Жібек жолы, Қоянды, Ильинка, Талапкер, Қосшы ауылдары маңында) жұмыс істеген. Бүгінде олар Жібек жолы бекетінде сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін, Қоянды және Көкшетау бекеттерінде сағат төрттен түнгі бірге дейін қызмет көрсетеді.

Жұмыс кестесі ауысымды. Жұмыс уақыты басталар алдында медбикелер барлық қызметкерлердің дене қызуын өлшейді. Бекеттердің өздері арнайы зарарсыздандыру құралдарымен жабдықталған.

«Коронавирусты болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру аясында біздің қызметкерлер құқық қорғау органдарымен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде. КБД қызметкерлері алты тосқауыл бекетінде болған, қазір үшеуінде. Олар адамдардың өтуі мен шығуын, олардың мекен-жайын, тіркелген жерін, қайдан келе жатқанын, себебін және т.б. тексереді. Сондай-ақ жеңіл көлік, жолаушы және жүк тасымалдайтын көліктерді тексереді, олардың ТЖ кезеңінде жүріп тұру үшін рұқсат құжаттарының болуын тексереді. Барлық қызметкерлерге нұсқау берілді. Біз өз кезегінде оларға қорғау құралдарын, яғни бетперде, қолғаптар және антисептикалық құралдарды бердік», – дейді көлік бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

Қасиет Байғазыұлы, КБД менеджері адам ең көп өтетін бекеттердің бірінде жұмыс істейді. Ол Жібек жолы ауылы маңындағы тосқауыл бекеті.

Толқудың бар екенін мойындайды, өзі үшін емес, туыстары үшін қорқатынын айтты.

«Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Әрине қорқыныш бар, бірақ мұнда біз басқа қызметкерлермен бірге бір жұмыс атқарамыз. Біз тосқауыл бекеттерінен өтетін адамдарға кеңес береміз, анықтамаларын тексереміз. Әрбір азаматқа бара жатқан жеріне баруға көмектескіміз келеді», – деді Қасиет Байғазыұлы.

Хабар 24 телеарнасы