426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы пітір садақа мөлшері белгіленді

  • 431
  • UPD: 15:26, 17.04.2020
Биылғы пітір садақа мөлшері белгіленді Islam-Today

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айы қарсаңында дәстүрлі төралқа мәжілісі өтті.

Онлайн режимде өткен мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте мәлімдеген болатын.    

Хабар 24 телеарнасы