425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

42 500 теңге: жеке басыңызға қатысты құжаттық құпияларды ешкім білмеуі тиіс

  • 457
  • UPD: 20:42, 17.04.2020
42 500 теңге: жеке басыңызға қатысты құжаттық құпияларды ешкім білмеуі тиіс

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысы беріле бастағалы, қаржыны рәсімдеу кезінде алаяқтар да көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

42 мың 500 теңгені оңай жолмен алып беруді жарнамалаған сайттар мен әлеуметтік желіде түрлі жазба өріп жүр. Тіпті сілтемелер де қаптап тұр. Электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеуге қолдау көрсетемін деген хабарламалар да жетерлік. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұрғындарды мұндай жалған жарнамадан абай болуға шақырады. Егер жеке басыңызға қатысты құжаттық құпиялар мен банктегі деректеме электрондық цифрлық қолтаңбаңыз алаяқтың қолына түссе, дүние-мүлік, көлік және  ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін.

Жігер Байділдин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

– Пин-кодты алған кезде банк картасындағы барлық қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Біз өз тарапымыздан қазақстандықтарды онлайн-мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша тегін және қауіпсіз көмекті, оның ішінде ЭЦП және әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеуге тек ресми көздер арқылы ғана шығуға шақырамыз, яғни 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.

Хабар 24 телеарнасы