423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында орман өртімен күреске тікұшақ жұмылдырылады

  • 284
Ақмола облысында орман өртімен күреске тікұшақ жұмылдырылады

Орман өрті қаупі кезеңінің басталуына байланысты Ақмола облысы МИ-26 тікұшағымен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр, көп мақсатты әуе техникасы Алматы қаласынан көшірілді. МИ-26 тікұшағы көмегімен апат орнынан зардап шеккендерді шағын алаңдарда ұшу және қону мүмкіндігімен шұғыл эвакуациялауға болады. 3-4 тонна ғана су алатын басқа тікұшақтарға қарағанда МИ-26 өрт ошағына 15 тонна су шаша алады. Осылайша, тікұшақ борты сегіз гектарға жуық учаскеде жұмыс істейді. МИ-26 – әлемдегі ең үлкен сериялық тікұшақ. Ол төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда теңдессіз техника. Оның көмегімен ондаған әлемдік рекордтар орнатылып, күрделі тапсырмалар орындалған.

Хабар 24 телеарнасы