423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сергек» тәулігіне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдей алады

  • 307
  • UPD: 23:47, 17.04.2020

Елімізде карантин режимін бұзғандарға 28 мың теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ережені елемегендер тіпті 15 күнге қамалуы мүмкін. Қазір тәртіп сақшылары қаладағы қозғалысты «Сергек» камералары арқылы да бақылып отыр. Бақылау құрылғылары жаяу жүрген адамдардың да бағытын оп-оңай анықтап береді.

Қала қым-қуыттан арылған. Бірақ әрлі-берлі қатынап жатқан көліктер көп. Жол сақышлары соларды шетінен тексеріп жатыр. Жүргізушілердің жеке мәліметтерін ортақ базаға тіркейді. Енді бірі көлік нөмірін тере салады. Қажет ақпарат «Сергек» жүйесінде сақтаулы. 

Елжан Шүпеков, қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген мекемелердің тізімі бар. Кез келген мәліметті тексере аламыз. Сондықтан тұрғындардан тәртіп бұзбауларын сұраймыз.

Тәртіп бұзғандарға алдымен ескерту жасалады. Ережені ендігіде елемесе, 28 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады. Бақылау камералары жаяу жүрген адамдарды анықтап береді.    

Жаннат Дүбірова, қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы:

– «Сергек» камералары арқылы жүргіншілерді де тексере аламыз. Қазір қалада жұмыс істеп жатқан біраз адам бар. Көбі жаяу қатынайды. Бейнебақылау камералары арқылы олардың бағытын анықтауға болады.   

«Сергек» осы күні тәртіп сақшыларының сенімді серігіне айналған. Қазір елордада осындай 13 мың камера бар. Олар тәулігіне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдей алады.

Хабар 24 телеарнасы