424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан шетелдіктердің елде визасыз болу режимін уақытша тоқтатты

  • 949
Қазақстан шетелдіктердің елде визасыз болу режимін уақытша тоқтатты Sputnik Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметі елге келуші азаматтардың 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 Қаулысында жазылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 Қаулысы:

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына («Егемен Қазақстан», 2020 ж. 28.01., № 18 (29747)) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.».

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі: А. Мамин

Хабар 24 телеарнасы