418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандықтар шектеу мен карантиннің айырмашылығын түсінбей жатыр

  • 206
  • UPD: 12:40, 18.04.2020

Шығыс Қазақстан облысында бүгіннен бастап карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін аймақ тұрғындарының жүріп-тұруы мен көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер қойылған. Енді облыс халқы түгелдей карантин талабы бойынша әрекет етеді.

Жаңадан енгізілген ереженің ерекшеліктерін осы өңірдегі тілшіміз Олжас Керейхан тікелей эфирде жеткізеді.

Диктор:

- Олжас, Өскемен өндірісті өңір екенін білеміз. Кейбір зауыттардың жұмысын мүлде тоқтатуға болмайды. Енді карантин кезінде олардың тынысы қалай болмақ?

Олжас Керейхан, тілші:

- 2 сәуірден бастап Семей мен Өскемен қаласындағы кірер-шығар жолға тосқауыл бекеттер қойылды. Екі шаһарда сенбі мен жексенбі және мейрам күндері кешкі 21:00-ден кейін қозғалыс шектелді. Басқа уақытта арнайы рұқсатнамамен ғана жүре алады. Ал сәуірдің 15-інен бері дәл осындай ереже облыстағы барлық аудан-қалаларына енгізілді. Бүгіннен бастап аймақта карантин жарияланды. Бұған дейінгі енгізілген шектеулер кезінде кейбір қызмет көрсететін салалар жұмыс істеп тұрған. Қоғамдық көліктер де жүрген. Енді карантинге сәйкес түгел тоқтады. Тұрғындардың көбі шектеу мен карантиннің айырмашылығын түсінбей жатыр.

Олжас Керейхан, тілші:

- Көрінбейтін індет көпшілікке тарамай, одан тезірек құтылу үшін құзырлы орган өкілдері мемлекет тарапынан қабылданған барлық ережені халық қатаң сақтау керек екенін ескертумен келеді. Қазір медицина қызметкерлерімен бірге полиция және әскерилер тұрғындардың дене темпратурасын өлшеп жүр.

Қазір өңірдегі өндірістердің көбі жұмыс уақытын мейілінше қысқартуға тырысқан. Ал, жұмысы бір минутта тоқтамайтын стратегиялық нысандар мен зауыт жұмысшыларын автобуспен тасымалданатын болады. Сондай-ақ бұған дейін тасымал саласындағы кейбір кәсіпкерлерге жасыл түсті рұқсатнама берілген. Енді оны қайтарып алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы