429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық журналистер әлеуметтік желі арқылы дәріс оқи бастады

  • 415
  • UPD: 15:00, 18.04.2020
Қазақстандық журналистер әлеуметтік желі арқылы дәріс оқи бастады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, онлайн оқуды негізенен жас журналистер мен БАҚ саласына қызығушылық танытқан азаматтар тыңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрістер «Медиа дамыту қорының» әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіледі. Онда республикамыздың белді арналарындағы журналистер мен тележүргізушілер өз тәжірибесімен бөлісіп, сауалдарға жауап береді.

Бибігүл Құламан, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас менеджері:

- Ең басты мақсат – пандемия кезінде және карантин кезінде үйде отырған жас журналистер және болашақ журналистер уақытын тиімді өткізсін деген мақсатпен біз медиа саласында жүрген мамандармен бірлесіп, осындай онлайн лекцияларды бастадық. Сабақтарымызға осыған дейін белді журналистер атсалысты. Соның ішінде, Михаил Дорофеев, Айгүл Адилова, Асхат Ниязов, Бауыржан Бақытбекұлы. Бұл лекциялар алда да өз жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы