427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 3 баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

  • 374
  • UPD: 17:34, 20.04.2020
Шымкентте 3 баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Шымкентте 3 баланың уланып, көз жұмуына қатысты оқиға бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, 2019 жылдың 3 қарашасында белгісіз заттан уланудың салдарынан 4 жасар және 1 жасар бала көз жұмған еді. Алдын ала берілген ақпарат бойынша олар тамақтан (нақтырақ айтқанда түшпара) улануы мүмкін екені хабарланды. 2020 жылдың 13 ақпанында да белгісіз заттан уланып, 8 айлық сәби шетінеді. Екі жағдай да Еңбекші ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 304-бабы (санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізіміне енгізілген.

«Көптеген зерттеу жұмысының, тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде балалардың өліміне не себеп болғаны анықталды. Тәжірибелі тергеуші мен жедел қызметкерлердің арқасында күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол – 42 жастағы ер адам. Анықталғанындай, ол қайғылы жағдайға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізген. Ол ауыл шаруашылығы саласына қолданылуы тиіс «Имидаклопридты» қолданған», - деп хабарлады ҚР ІІМ-нен. Күдікті қазіргі уақытта екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Айта кетсек, былтырғы 3 қарашада белгісіз заттан уланудың салдарынан 2 бала көз жұмған еді. Ал биылғы 13 ақпанда белгісіз заттан уланып, 8 айлық сәби шетінеді. Екі жағдай да Еңбекші ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 304-бабы (санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізіміне енгізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы