428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырмыз – кәсіпкерлер

  • 256
  • UPD: 18:52, 19.04.2020

Елордалық кәсіпкерлер қысылтаяң шақта мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды сезінуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен уақытша табысынан айырылған жандарға жәрдемақы төленіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 сәуірдегі мәліметі бойынша 42,5 мың теңге әлеуметтік төлемді 220 мыңнан астам тұрғын алды.

Жарты әлемді жалмаған коронавирус пандемиясына еліміздің де кәсіпкерлеріне ауыр соққы жасағаны анық. Бірақ төтенше жағдай жарияланған сәттен бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша табысынан айырылған азаматтарға және шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырып, тығырықтан шығудың жолын сілтеді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 сәуірдегі мәліметі бойынша 42,5 мың теңге әлеуметтік төлемді 220 мыңнан астам тұрғын алды.

Еркін Адасбаев, медициналық клиниканың директоры:

Бұл әрине, дұрыс шешім. Себебі, қазір қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұру керек. Біз жұмысымызды уақытша тоқтатқандықтан, табыс жоқ. Бірақ мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырмыз. Уақытылы қолға алынған шара деп есептеймін. Біздің елдің тәжірибесіне қарап, Ресейде кеше осындай шешім қабылдады дегенді естідім.

Елордада карантиннің күшейтілген тәртібі сәуірдің соңына дейін жалғасады. 20 сәуір күні бірқатар кәсіпорындар қалыпты жұмысына кіресе бастаса, қоғамдық көліктер әзірге қатынамайды. Сәйкесінше, бас шаһардағы автобус парктерінің жұмысшылары да қазір жалақысыз, жәрдемге мұқтаж болып отыр.

Қобылан Сәдуақасов, №4 автобус паркінің жүргізушісі:

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек уақытылы берілді деп есептеймін. Дұрыс шешім. Өйткені қазір жалақысыз отырған отбасылар бар. Азық-түлікті қандай ақшаға аламын деген уайым болады. Осындай қысылтаяң шақта мемлекеттің қолдау көрсеткенін өз басым құптаймын.

Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, бір жылдан бері декреттік демалыстағы өзін өзі жұмыспен қамтыған әйелдер де, сондай-ақ студенттер де ала алады. Тағы Мемлекет басшысы өз үндеуінде 1 сәуірден 1 қазанға дейін барлық салықтар жойылатынын айтты.

Авторы: Риат Шони

Хабар 24 телеарнасы