421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: «Теңіз» кен алаңының 500 жұмысшысы наразылық білдірді

  • 289
COVID-19: «Теңіз» кен алаңының 500 жұмысшысы наразылық білдірді

Олар мұнайшылар қалашығынан шыққан коронавирус дертін жұқтырамыз деп алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде мұндағы бір жұмысшыдан COVID-19 ауруының белгісі анықталған еді. Осы жағдайға байланысты кен алаңы орналасқан Жылыой аудандық әкімдігі мен мұнай компаниясының басшылары жұмысшылармен кездесіп, ортақ мәмілеге келді. Бүгіннен бастап қалашықтағы барлық адам коронавирус дертін анықтайтын жедел тестіден өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша ауру анықталмаған жағдайда жұмысшылар жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ компания осы екі күннің еңбек ақысын толық төлейді. Ауру белгісі анықталған науқастар аурухана жатқызылады.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Теңіз кен орнындағы ахуал бақылауда. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов жетекшілік етеді. Қазір ол кісі қазір Теңіз кен алаңында. Ол мұнай орнындағы азаматтарды өздерінің тиісті мекендеріне дейін шығарып салу жұмыстарымен және түсінідіру жұмысымен айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы