419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Назарбаева дәрігерлер мен БАҚ өкілдерінің жұмысын бағалады

  • 363
  • UPD: 18:23, 20.04.2020

Бейбіт жиындарды өткізу тәртібі туралы 30 сәуірге жоспарланған Сенат отырысында талқыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дариға Назарбаева бюро отырысында айтты. Жиында Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын бөлу мәселесі қаралды. Сондай-ақ Сенат спикері қазіргідей кезеңде алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген дәрігерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысын ерекше атады. Оларды айрықша қорғау қажет екенін еске салды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Сонымен бірге 30 сәуірде біз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын қараймыз. Бұл заң жобасы елімізде жиналыстар мен митингілер ұйымдастыру, өткізудің қазіргі практикасын түбегейлі түрде өзгертеді. Жоба азаматтардың құқықтарын, митингілер өткізу кезіндегі жауаптылықты оңтайлы ұштастыруға бағытталған. Және тұтастай алғанда халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Хабар 24 телеарнасы