425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында ардагерлерге 1 миллион теңгеден көмек берілді

  • 585
  • UPD: 20:51, 20.04.2020

Қарағанды облысында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден көмек берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әлеуметтік қолдауға барлығы 67 адам ие болды. От пен оқтың ортасынан аман оралған сарбаздардың қатары өкінішке қарай жыл өткен сайын сиреп келеді. Қазір өңірде 67 ардагер болса, соның 12-сі – мүгедек. Қаржылай көмек өзге қарияларға да берілді. Концлагерь тұтқындары мен тыл еңбеккерлері 200 мың теңгеден алады. Ал майдан даласынан қайтпаған жауынгерлердің отбасыларына 50 мың теңгеден беріледі. Қазір аймақта ондай 9 мыңға жуық отбасы бар.

Серафима Пономарева, соғыс ардагері:

– Мен мемлекеттен алған миллион теңгені екіге бөлдім. Тең жартысын балаларыма беріп, қалған бөлігін өзіме қалдырдым. Әлеуметтік қолдау жасап жатқан жандарға алғысым шексіз. Қазіргі елдегі жағдайға байланысты Жеңіс мейрамы аталып өтіле ме, жоқ па, ол жағын білмедім. Ең бастысы, енді мұндай алапат соғыс ешбір елде болмасын.

Хабар 24 телеарнасы