420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықтық диқандар суармалы жер ауқымын кеңейтпек

  • 377
  • UPD: 22:48, 20.04.2020

Соңғы екі жыл бойы қостанайлық егіншілер қуаңшылық зардабын тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе облыстың оңтүстік аудандарында ылғал тапшылығынан тақырға отырып қалған шаруалар аз емес. Биыл сол тәуелділіктен құтылу үшін бірқатар өңір суармалы жерлерін ұлғайтпақ.

Арқалық қаласына қарасты шаруашылықтардың жалпы егістік алқабы – 233 мың гектар. Бұл шамамен Монако мемлекетінің жер көлемі. Осыншама аумақтан былтыр мардымды астық алынбады. Жазғы құрғақшылық, күзгі жауын-шашын тауарлы бидайды жарамсыз етті. Биыл облыстың оңтүстік өңірлерінде мол өнім алуға негіз бар. Былтырғыға қарағанда 2,5 есе көп ылғал түскен. Дәннің қылтиып бас көтеруіне әбден жеткілікті. Алайда жаз маусымы аптап ыстыққа ұрынбасына кепіл жоқ. Өткен жылдардың ащы сабағын ескеріп, биыл

Руслан Құлетов, Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Биылғы жылы 800 гектар деп отырық. Алдағы 2021 жылы бұл 2,5 мың гектарға, жалпы суармалы жерлерді 10 мың гектарға жеткізу жоспарымызда бар. Бұл 2025 жылға дейінгі жоспар.

Арқалықтық шаруалар қазір ылғал жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі аптадан соң дәнді дақылдар себуге кіріспек. Жанар-жағармай, тұқым жеткілікті, ескі де болса, техника жарамды. Ақмола, Қостанайдан керек-жарақты тасымалдауға карантин кедергі емес дейі мұндағылар. Тек тракторға отыратын механизаторлардың жетіспеушілі аздап қолбайлап тұр.

Александр Климович, шаруашылықтың бас инженері:

– Қазіргі кезде бізге 5 адам қажет. Біз газетке, телевидениеге хабарландыру беріп, іздестіріп жатырмыз. Механизаторларды сырттан шақырмай, жақын маңнан тапсақ дейміз.

Арқалықтықтар ауа райы кедергі жасамаса, көктемгі егісті 20-25 күннің ішінде аяқтаймыз деп отыр. Ал облыс бойынша дәнді-дақылдар себу жұмыстары мамырдың ортасына таман басталады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы