430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық екі мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақыға қол жеткізді

  • 407
  • UPD: 22:58, 20.04.2020

Індетпен күресуге тікелей үлес қосып жүрген ақ халаттыларға үстемеақы тағайындауда жұмыс уақыты мен тәуекел деңгейі ескеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, наурыз айында 1 мың 893 елордалық медицина қызметкеріне жалпы 646 млн 300 мың теңге үстемеақы төленген.

Отандық медицина қызметкерлеріне үстемеақы тағайындау жөніндегі комиссия жұмысы бүгінде тыңғылықты атқарылып жатыр. Инфекцияға қарсы шараларға тартылған сала мамандары 3 тәуекел тобына бөлінген. 1-топтағыларға 850 мың теңгеден, екіншісіне 425 мың және үшінші топқа 215 мың 500 теңгеден үстемақы төленеді.

Сәуле Қисықова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Инфекциялық, провизорлық, карантиндегі стационардың жұмыстардың тізіміне кіргізсе, олардың бәріне сол жұмыс істелінген уақытына сәйкес және тобына сәйкес үстемеақы төленді.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы бастаған өтемақы тағайындау жөніндегі комиссия құрамына Сенім денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері салалық кәсіподағының өкілдері де кіреді.

Руслан Сатывалдеев, «Senim» денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлері СКО қалалық филиалы төрағасы:

– Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың 4 сәуірдегі тапсырмасы бойынша қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысына сала қызметкерлеріне үстеме тағайындау кіреді. Тәуекел деңгейі жоғары саналатын мамандарға ең төменгі жалақы көлемінің 20 еселенген мөлшері беріледі.

Осылайша, наурыз айында бірінші тәуекел тобы бойынша 400, екіншісінде 950 және үшінші топта 543 маман үстемақысын алды. Науқастарды сәуірден тәуір шығаруға үлес қосқан медицина қызметкерлеріне келесі үстеме мамыр айының ортасына дейін берілуі керек.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы