418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында әскери міндеттілер қызметке кірісті

  • 291
  • UPD: 08:35, 21.04.2020
Түркістан облысында әскери міндеттілер қызметке кірісті

Түркістан облысында 230 әскери міндетті азамат қызметке кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президенттің бастамасын қолдап, ел үшін тер төгуге белін бекем буып отырған 50 түркістандық еріктімен кездесті. Өңір басшысы олардың жұмысына сәттілік тілеп, қиын кезде халықпен бірге болуға шақырды. Төтенше жағдай кезінде әскерге шақыртылғандар облыс аумағы мен қала ішіндегі санитарлық бұғаттау бекеттерде қауіпсіздікті күшейту мен зарарсыздандыру жұмысына қатысады. Бұл азаматтардың барлығы Түркістан қалалық әскери комиссариатында арнайы медициналық комиссияның сараптамасынан өткен. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, бұл жолы 25 пен 35 жасқа дейінгі азаматтар алынған. Енді сынақтан сүрінбей өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақыты аяқталғанға дейін әскер қатарында болады.

Нығмет Ахметұлы, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы:

- Әскери арнайы жиынға шақырылғандар 100% еріктілер. Керекті құрал-жабдық, киім-кешекпен толыққанды әскери міндеттілер қамтылған. Заң бойынша белгіленген жұмыс орны және орташа жалақысы бәрі сақталуы керек.

Хабар 24 телеарнасы