424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 5,2 млн гектар жерге егіс егіледі

  • 598
  • UPD: 09:42, 21.04.2020
Қостанай облысында 5,2 млн гектар жерге егіс егіледі Inbusiness.kz

Қостанай облысында егіс алқабы 5,2 млн га алқапты құрайды.

Жаздық егіс көлемі – 4,7 млн га, оның ішінде 3 млн 251 мың гектар жерге бидай егіледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Өңірде егіс алқабының құрылымын әртараптандыру бағдарламасына сәйкес майлы дақылдар егістігі 700 мың га дейін ұлғаяды. Жемдік дақылдар – 620,8 мың, ауыл шаруашылығы құрылымдары 4,1 мың гектарға – картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр.

Облыста көктемгі-жазғы кезеңде топырақты ылғалмен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1,4 млн га алқапта қар тоқтату жұмыстарын жүргізді.

Аймақтағы фермерлер 528,1 мың тонна тұқыммен толық қамтамасыз етілді.

Көктемгі егіс жұмыстарына 22 мың 970 трактор, 1032 егіс кешені, 22 мың тұқым сепкіш, 8 мың жүк көлігі жұмылдырылады. Бүгінде өңірдегі барлық ауыл шаруашылығы техникасы көктемгі егіс жұмыстарына толық дайын.

2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Қостанай облысына 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта МӨЗ 42 мың тонна үшін қаржы төленіп, оның 27 мың тоннасы тиеліп,17 мың тоннасы жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы