424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан қаласы тәулік бойы дезинфекцияланып жатыр

  • 382
  • UPD: 10:48, 21.04.2020
Нұр-Сұлтан қаласы тәулік бойы дезинфекцияланып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстары тәулік бойы екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Күн сайын дезинфекцияға 500-ден астам адам шығады. Қалалық қызметтермен бірге дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дезинфекция жұмыстары күшейтілді. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Барлық аудандар қамтылды. Арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің машиналары да бар. Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, тротуарлар, үй іші аумақтары мен кіреберістер, жолдар дезинфекцияланып жатыр. Автокөліктер де инфекцияны тарата алады. Демек, жолдарды да арнайы ерітіндімен өңдеу маңызды», – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Дезинфекция жұмыстары жеке секторды да қамтиды. 2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделіп жатыр. Қалада жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары – қоршауларды, металл құрылымдарды, жолдарды жуу – дезинфекция жұмыстарына көмектесуде.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес, карантин кезінде жұмыс атқарып жатқан коммуналдық қызметкерлер сыйақы алады. 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің айлығы өсті, сыйақы берілді.

Хабар 24 телеарнасы