425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бавария тұрғындары маска тағып жүруге міндеттелді

  • 242
  • UPD: 11:32, 21.04.2020
Бавария тұрғындары маска тағып жүруге міндеттелді

Германияның оңтүстік-шығысына орналасқан Бавария федералды жерінің тұрғындары дүкен мен қоғамдық көлікте маска тағып жүруге міндеттеледі.

Бұл туралы аймақтың премьер-министрі Маркус Сёдер хабарлады. Баварияның мемлекеттік парламентінде сөйлеген сөзінде ол ауыз бен мұрынды қорғау, коронавируспен күресте шешуші рөл атқаратынын айтты. Бавария тұтас Германияда мұндай талапты енгізген алғашқы аймақ, себебі осы өңірде коронавирус деректері көп тіркелген және көз жұмғандар да жетерлік. Талап 27 сәуірден бастап күшіне енеді. Роберт Кох институтының мәліметінше, Баварияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 37 мыңнан асып, 1286 адам қайтыс болған.

Гертруда Сиэтзи, Франкфурт тұрғыны:

- Мен маска таққаннан артық ештеңе істей алмаймын. Сондай-ақ үнемі медициналық қолғап киіп жүремін. Осы да жеткілікті деп үміттенемін. Одан бөлек, біздің сыртқа шығып серуендеуге мүмкіндігіміздің барына қуанамын. Интернет арқылы тапсырыс берген аса ұнамайды, сондықтан дүкендер қайта ашылса деймін. Арақашықтықты сақтауға адамдардың ақылы жетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы