425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африканың 52 елінде коронавирус таралуда

  • 409
  • UPD: 12:10, 21.04.2020
Африканың 52 елінде коронавирус таралуда

Африка елдерінде COVID-19 диагнозы 22500-ден астам адамға қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеселден бір мыңнан астам науқас көз жұмды. Ал, 5534 науқас дертінен айығып шыққан. Бұл туралы Африканың ауруды бақылау және алдын алу орталығы хабарлайды. Оған сәйкес Африканың 55 мемлекетінің 52-сінде COVID-19 табылып отыр.

Қауіпті вирус жұқтырғандардың көбі Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген. Онда 3158 адам дертке шалдыққан. Одан кейінгі орындарда Египет, Марокко, Алжир мен Камерун тұр. Ал, Лесото, Батыс Сахара мен Комор аралдарында коронавирустың жаңа түрін жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы