loader

Елімізде 200 мың адам жол құрылысына тартылады

Елімізде 200 мың адам жол құрылысына тартылады

Биылға жоспарланған аймақтардағы жол құрылысы жұмыстары осы айдың соңына дейін толықтай басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажеттілік болса, карантин енгізілген жекелеген елді мекендерде техниканың еркін қатынауы үшін «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Күн тәртібінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Жоспарланған барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде басталуы және аяқталуы тиіс. Бұл бойынша өңір басшылары мен тиісті министрліктің баяндамасы тыңдалды. 2020 жылы 2,6 мың шақырым жол пайдалануға берілуі тиіс.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Биыл осы бағдарламаның жобаларын іске асыруда 200 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылады. Олар 4 мың шақырым жол құрылысымен және қайта жаңартумен айналысады. 2,6 мың жол пайдалануға беріледі. «Биыл республикалық маңыздағы жолдарды пайдалануға беру көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе артық. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар 3,5 мың шақырым жол жөндеуден және құрылыстан кейін пайдалануға беріледі. Қазақстан тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымда жолдар салу бойынша жұмыс жүргізілген жоқ. Сондықтан біздің міндетіміз – оларды толығымен уақытында орындау.

Сондай-ақ...