427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде жол құрылыстарына бақылау жетіспейді

  • 403
  • UPD: 14:33, 10.05.2020

Тиісті қадағалаудың жоқтығынан аймақта сапасыз автожолдар салынып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары бірлесіп, облыстық маңызы бар бағыттарды тексеріп шықпақ. Тұрғындар күнделікті ерсілі-қарсылы қатынайтын соқпақ жолдың түзулігі мен тегістігін бақылайтын шара «Сапалы жол – адалдық алаңы» кеңселік жобасы аясында жүзеге асырылады.

Қос құзырлы мекеме басшылары әлеуметтік желі арқылы онлайн конференция өткізіп, осы жолға қатысты көптің пікірін тыңдап алды. Соңғы жылдары сырбойылықтар тарапынан жаңадан салынған асфальт сүрлеулердің сапасына қатысты көптеген арыз-шағым түскен. Ағымдағы жылы облыс аумағында 11 миллиард теңгеге 200 шақырымнан астам автожол жөндеуден өткізіледі. Қыруар қаржының мақсатты жұмсалып, тұрғындар игілігі үшін тиімді игерілуі қатаң бақыланатын болады. Құрылыс барысын қадағалауда заманауи техникалық-зертханалық құралдарды қолдану міндеттеледі.

Жасұлан Керімқұлов, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының директоры:

- Жолға күнделікті технадзор барып тексеріп тұрмаса, күнделікті тиесілі сынамаларын зертханаға апарып зерттемесе, бекітілген нормасы бар. Сол нормативтерге сәйкес болу керек. Бұл зертханалардың аттестациясы болу керек. Аккредитациясы болуы керек. Ішінде мамандары мықты болуы керек.

Бақытжан Ниязов, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Осы саладағы жұмысты өз деңгейінде атқармаған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған жағдайда немесе басқа да құқықбұзушылық туындаған жағдайда, алдағы бірінші жартыжылдықтың нәтижесі мен ұсыныстарды жолдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы