418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дала өрті өршіп тұр

  • 214
  • UPD: 14:37, 21.04.2020
СҚО-да дала өрті өршіп тұр

Солтүстік Қазақстан облысында шөптің тұтануынан ауылдар өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде Золотая Нива мен Изобильная елді мекендерінің шетіндегі ешкім тұрмайтын үйлер мен қора-қопсылар отқа оранып, жергілікті жұртқа қауіп төндірді. Қатты желден өршіген қызыл жалын элеваторға да жақындап қалған. Өрт сөндірушілер келгенше тұрғындар отты өз күштерімен сөндірмек болып, салдарынан 2 адам жарақат алды. Олардың үстіне жер үйдің қабырғасы құлап кеткен. Болжам бойынша даладағы шөп адам қолынан тұтанған. Қазіргі уақытта осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 300-ден астам дала өрті болды.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Облысымызда 46 мобильдік топ құрылды. Олар күн сайын рейд жүргізеді облысымызда. Енді шөп өртеген адамдардың ұсталған саны 43 адам болды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы