476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елорда көшелерінде адамдар мен көлік нөпірі көбейген

  • 717
  • UPD: 15:37, 21.04.2020

Елордада банктер мен байланыс кәсіпорындары жұмысын бастауы мұң еді, ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше қала бойынша инфекция таралу қауіпі аз деген нысандар жұмысын жалғастырған еді. Көбі өндіріс орындары мен техникалық қызмет көрсету орталығы. Алайда, жұмысын бастаған кәсіпорындар санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс болатын. Карантиннің отыз төртінші күні қаланың тыныс-тірлігін көріп қайтақ тілшіміз толықтырады.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Сағат таңғы 07:00 шамасы. Қаладағы ірі көпірлерде патрульдік полиция қызметі көрінбейді. Әдетте көліктерді жаппай тоқтатып, жүргізушілердің құжатын мұқият тексеретін. Енді үлкен даңғылдың бойында тұрған полицейлердің өзі әрі-бері ағылған көліктерді таңдап тоқтатып жатыр. Себебі, қала көшелерінде көлік көбейген.

Қала тұрғыны:

Полиция тексерді. Қайда бара жатқанымды сұрады. Бәрі заңды болуы керек. Мен аула сыпырушы болып жұмыс істеймін. Міне, қолымда анықтама қағазым бар. Көшедегі адамдардың бәрі бетперде тағып алған.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Көлік өз алдына, көшеде жүрген адам да аз емес. Мынау Әуезов көшесі бойындағы «Қазпоштаның» филиалы. Мұнда сағат таңғы 08:00-ден бастап ұзын-сонар кезек. Қауіпке қарамастан, коммуналдық төлем жасауға келгендердің біразы зейнет жасындағылар. Айтуларынша, онлайн төлем жасауды білмейді. Үйде интернет жоқ. Сондықтан смартфон ұстамайтын үлкендер амал жоқ, өздері келіп тұр. Жастар да сондай уәж айтты.

Берік Әбдіреев, қала тұрғыны:

- Портал арқылы енді бұл жерде әркімнің жағдайы әртүрлі. Бізде порталға кіретін телефон жоқ, қарапайым телефон. Енді, біреудің телефонымен кіре алмаймыз. Сондықтан осы жерге тіке келіп, беруге тура келіп тұр.

Арай Арқабаева, қала тұрғыны:

- Былай, негізі мен өзім карантин басталғалы Нұр-Сұлтанға келгелі бірінші рет шығып тұрмын. Өзіме керек зат поштаға келген. Соны алуға келдім. Таңғы09:00-ден бері тұрмыз. Пошта енді ашылып тұр.

Полиция қызметкерлері кезекте тұрған халықты тәртіпке шақырып, сақтық шараларын еске салып жүр. Дегенмен, үлкен кісілердің бейқамдығы әлі байқалады.

Қала тұрғыны:

Неден қорқуым керек? Қорықпаймын. Менің иммунитетім жақсы. Бүгін екінші рет келіп тұрмын. Кеше келгенмін. Бірақ адам тіпті көп болды. Кезегім жетпегендіктен, бүгін тағы келіп тұрмын.

Нұрхан Зәкір, учаскелік инспектор:

Бір кіргенде 10 немесе 7 адам кіреді. Арақашықтықты сақталады. Еге, маска кимеген адамдар болса, оларға маска кию керектігі айтылады.

Айта кетейік, елордада 100 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Олар өндірісте және құрылыс компанияларында еңбек ететіндер. Сондай-ақ көлік жөндеу орталықтары да қызметін жалғастырды. Банктер қысқартылған жұмыс режиміне көшті.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы