426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


iKomek109 орталығы Call Center Awards халықаралық байқауында марапатқа ие болды

  • 345
  • UPD: 16:07, 21.04.2020
iKomek109 орталығы Call Center Awards халықаралық байқауында марапатқа ие болды

iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Call Center Awards 2019-2020 халықаралық байқауында «Клиенттерді сараптау, зерделеу және түсінудің үздік практикасы» номинациясында қазылардың жоғары бағасын алды. iKomek Сбербанк, Банк ВТБ, Вымпел-Коммуникация және т.б. сияқты байланыс орталықтары индустриясының алыптарымен бәсекеге түсті. Бұл туралы Елорда Инфо орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар екінші жыл қатарынан бізді ТМД ішіндегі үздіктердің үздігі деп мойындап отыр. Өткен жылы біз байланыс орталықтары индустриясындағы «Оскарды» «Байланыс орталығын құру/біріктірудің үздік жобасы» аталымында иеленген болатынбыз. iKomek командасы үшін қызметкерлеріміз салып жатқан күш-жігердің халықаралық дәрежеде мойындалуы және елорда игілігі үшін бұдан да жақсы жұмыс жасауға деген зор ұмтылыс», – деді  iKomek қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKomek қалалық мониторинг орталығында «Қаланы басқару панелі» секілді өзіндік әзірлеме енгізілген, ол статистикадан бастап, тереңінен талдау және «Жүйелі түйткілдер рейтингісін» құруға дейінгі деректерді автоматты түрде жасақтайды. Басқару панелінің мәліметтері негізінде қала және елордалық ұйымдардың басшылығы тұрғындарға барынша жайлы өмірді қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдер қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, iKomek109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан беріп жұмыс жасап келеді. 2018 жылдың басынан бері қала тұрғындарынан 3 миллион 300 мыңнан астам өтініш қабылданды. Елордалық әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша жүгінеді. Әкімдікке ведомстволық бағынысты 752 ұйымның (аудандық әкімдік, коммуналдық және авариялық қызмет, лифт шаруашылығы, мемлекеттік медициналық мекемелер) барлық байланыс орталықтары 1-0-9 қысқа нөміріне бірікті.

Күнделікті iKomek қалалық орталығына 7 000-нан 29 000-ға дейін өтініш келіп түседі. Өтініштердің атқарылу мөлшері – 99%. Коммуналдық кәсіпорындар мен әкімдік басқармаларының атқаруында 6 000-ға жуық өтініш жатады. 1800-ден астам қызметке оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады.

Сондай-ақ өтініш берудің балама тәсілдері қарастырылған:

– Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz

– iKomek109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

– Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

– Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

– aitu.city порталы

Хабар 24 телеарнасы