429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда соңғы тәулікте тағы 127 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

  • 556
  • UPD: 16:58, 21.04.2020
Алматыда соңғы тәулікте тағы 127 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Алматы қаласында соңғы тәулікте 145 коронавирус жағдайы тіркелді.

Оның ішінде:

104 жағдай – Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері,
12 – №12 қалалық емхана қызметкерлері,
11 – қазіргі уақытта провизорлық орталықтағы Қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері,
18 – бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.

Алматыда КВИ жұқтырғандардың жалпы саны – 669 адам. Оның 88-і жазылып шықты.

Қалада екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауының жағдайы ауыр, 168 адамның жағдайы орташа, 401 адам қанағаттанарлық дәрежеде. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Провизорлық госпитальдерде 452 адам жатыр, карантиндік оқшаулауда 352, үй карантиніне 9950 адам орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы