419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 200 мыңға жуық адам арнайы әлеуметтік көмекті алды

  • 292
  • UPD: 23:43, 21.04.2020

Қарағанды облысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 427 мың адам көмек сұраған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін солардың 200 мыңға жуығы 42500 теңгеден алды. Қалған өтініштер әлі қаралып жатыр. Бұған бір себеп, өзі жайлы мәліметтерді қате толтыратындар көп. Ел көлемінде осындай 3 миллион адамның өтініші қабылданбаған. Олардың кейбірі жеке сәйкестендіру номерін қате жазса, енді бірі банктегі есепшотын дұрыс көрсетпеген.

Гауһар Қасқырбаева, Саран қаласының тұрғыны:

– Қазір жұмыссыз қалдым. Карантинге байланысты бізде барлығы жабық. 42500 теңгені алдым. Осы қаржыға дәрі-дәрмек, маска, азық-түлік сатып алдым.

 

 

Хабар 24 телеарнасы