410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада санитарлық талаптарды бұзған мекемелердің қызметі тоқтатылды

  • 128
  • UPD: 13:21, 22.04.2020
Елордада санитарлық талаптарды бұзған мекемелердің қызметі тоқтатылды

Бір тәулік ішінде 15 нысан санитарлық талаптарды бұзған,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада рейд жүргізген мамандар осындай ақпаратпен бөлісті.

Тексеріс барысында мекеме қызметкерлерінің қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегендігі анықталды. Әрі дезинфекция жүргізілмеген. Қазір ережеге бағынбаған нысандардың қызметі тоқтатылды. Олардың қатарында құрылыс компаниялары, мейрамхана мен қонақүйлер бар. Айта кетейік, рұқсаты бар компаниялар таңғы 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ қызметкерлерін тасымалдауды, арнайы киім және қорғаныс құралдарымен қамтуды мойындарына алады.

Хабар 24 телеарнасы