425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда биыл 5 мың түп жас көшет егілмек

  • 315
Атырауда биыл 5 мың түп жас көшет егілмек

Қалалық әкімдік мемелкеттік-жекеменшік серіктестік аясында Атырау қаласын көгалдандыруға арналған 5 жылдық жобаны қолға алған болатын.

Жоба бойынша саябақтар мен гүлзарлардағы жасыл желекті күту және көбейту көзделген. Жыл сайын оның көлемі 5 мың көшетпен толықтырылып отырады. Қазір қала бойынша 53 мың түп тал-терек пен 12 мың шаршы метр жерге егілген гүлзар күтімге алынды. Карантин мерзімі аяқталған соң қалаға іргелес селолық округтерде 20 мың түп көшет қосымша отырғызылады. Жалпы Атырау қаласының басты көшелері де көгалдандырылып жатыр.

Аңсаған Сағынғалиева, қалалық ТКШ баспасөз хатшысы:

– Мердігер мекеме анықталып, жер өңдеу жұмыстарын бастап кетті. Нақтырақ айтқанда, биыл 23 мың шаршы метр аумақты қамтитын жасыл көгал төселеді. Қазір уақытта мердігер мекеме бастапқы жұмыстарын, яғни жер өңдеумен айналысып жатыр. Ал егу жұмыстары мамыр айынан басталады. Сондай-ақ мердігер мекеме көгалды зиянкестерден қорғау жұмыстарын да өз мойнына алады.

Хабар 24 телеарнасы