432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды

  • 291
  • UPD: 18:23, 22.04.2020
Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды

Атырау облысындағы Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды. Бұл туралы өңірлік жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевройлдың» және өзге де мердігер компаниялардың​ ​ жұмысшыларын Теңіз кенішінен уақытша шығару жалғасуда. Кен орнынан 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде Атырау облысының ​ 7191 тұрғыны бар», деп хабарлады төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтан.​

Штабтың мәліметінше сүйенсек, 16 сәуірден бері Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шыққан. Олардың 1619-ы – Атырау облысының тұрғыны. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына​ –​ 283, Түркістан облысына –​ 241, Қызылорда облысына​ –​ 166, ​ Жамбыл​ облысына​ ​ – 103, ​ Ақтөбе облысына​ ​ 455 адам жеткізілген.

«Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшы ​ COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығынын өз есебінен төлейді. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда», - деді өңірлік жедел штабтан.

Ал ТШО компаниясы басшыларының айтуынша, Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ персонал шығарылуда.​ Компанияның өндірістік қызметі өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.​

Хабар 24 телеарнасы