Алматыда «Сергек» ақпараттық базасы мен infoalmaty.kz сайты біріктіріледі
- 474
- UPD: 18:58, 22.04.2020

Нәтижесінде порталға тіркелген барлық кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлеріне еркін жүріп-тұруға рұқсат етіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екі ақпараттық жүйені біріктіруді қала әкімдігі мақұлдады. Бұдан бөлек, ресми тіркелмесе де, Алматыда жұмыс істейтін 214 кәсіпорын қызметкеріне қалада жүруге рұқсат берілмек. Ол үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан өту қажет. Бұл санатқа құрылыс, құрылыс тауарларын саудалау, өндіріс пен тауар сақтау нысандары кіреді.