422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда субұрқақтар маусымына дайындық қызу

  • 316
  • UPD: 22:10, 22.04.2020
Павлодарда субұрқақтар маусымына дайындық қызу

Коммуналдық сала қызметі бассейндерге су толтырып, құрылғыларды тексеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардың қақ ортасында тұрған ең үлкен субұрқақ бірінші болып іске қосылды. Қазір қолданыстағы 19 жасанды гейзердің жартысы жұмыс істеуге дайын. Жоспар бойынша қалған субұрқақтар 1 мамыр мерекесінде іске қосылады.

Мәлика Жұмажанова, қала тұрғыны:

- Біз өте қуаныштымыз. Біздің фонтанды кісілер келіп көреді. Бүгінгі жағдайда карантин, ешкім болмайды, ешкім келмейді мына жерге. Көңіл-күй сыйлайды.

Елена Артёмова, қала тұрғыны:

Бәрі әдемі болуы тиіс. Қаламыз бұрынғы өміріне тезірек қайтып  оралғанын қалаймын. Бос қалған көшелерді көргім келмейді. Біз Қазақтан бойынша ең көрікті шаһарда тұрамыз. Адамдары да өте көңілді.

Хабар 24 телеарнасы