427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент әкімі жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды тапсырды

  • 1001
  • UPD: 23:57, 22.04.2020

Қарамағындағы қызметкерлері пара алса, оған басшысы да жауап береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп өткізген онлайн-брифингте осы мәселе қаралып, тиісті заң талаптары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қоластындағы қызметкері жемқорлыққа жол берген жағдайда бірінші басшыға қандай шара қолданылады?

Мемлекеттік орган басшыларына жауапкершілік күшейді. Енді олар қарамағындағы қызметкерлердің адалдығына да жауап береді. Агенттіктің Шымкент қалалық департаментінде өткен онлайн-конференцияда осыған қатысты заң нормалары қаралды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Талғар Серікбаев, ҚР СЖҚІҚА қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары:

Бұл қылмыстардың басым бөлігі парақорлық және жымқыру фактілері болып табылады. Басым қылмыстар бұл құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау саласында және кәсіпкерлік саласында орын алып отыр.

Жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды тапсырды. Мемлекеттік қызметтердің барлығын электронды жүйеге көшіруді міндеттеді. Білім басқармасы мен мектеп директорлары және мұғалім арасындағы қатынасты азайтуды және оларды жұмысқа қабылдау кезіндегі тікелей байланыстарды шектеуді ұсынды. Департамент басшылығы қоластындағы қызметкер пара алған жағдайда басшысына қандай шара қолданылатынын айтты.

Талғар Серікбаев, ҚР СЖҚІҚА қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Егер қоластындағы қызметкері жемқорлыққа жол берген жағдайда, соттың айыптау үкімі шыққанан кейін 10 күннің ішінде бірінші басшы жұмыстан кетуі керек. Сондықтан бағынышты қызметкерлерге жемқорлықтан аулақ болуды түсіндіріп отыру басшыларға жүктеледі.

Департамент уәкілетті орган ретінде мониторинг жүргізіп, басшылардың жауапкершілігін қадағалайтын болады. Жиын соңында мегаполистегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі, тәуекел салалар мен мониторинг нәтижелері талқыланды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы