424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да полицейлер қорғаныш киімдерімен қамтылып жатыр

  • 401
  • UPD: 08:02, 23.04.2020
ШҚО-да полицейлер қорғаныш киімдерімен қамтылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бақылау-өткізу пунктеріндегі  полиция қызметкерлері қорғану киімдерімен қамтылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай киім денені тұтас жауып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Оның үстіне бірнеше мәрте қолдануға жарамды. Жақында ғана еліміздің Ішкі істер министрлігі блок-бекет басындағы тәртіп сақшыларының да қауіпті аймақта қызмет атқарып жатқанын айтып, сақтық шараларын күшейтуді тапсырған еді. Қорғану киімдері облыстағы түзету мекемелерінде тігілген. Әзірге 80 дана костюм алынып,  Семей мен Өскемен аумағында орналасқан 15 тосқауыл бекетіндегі мамандарға берілді. Болашақта өлкедегі барлық 59 бақылау-өткізу пункті толық қамтамасыз етілмек.

Сағат Мәдиев, облыстық ПД басшысы:

–Тәртіп сақшыларының қауіпсіздігін сақтау үшін олар жұмыс істейтін жерде үнемі дезинфекциялық шаралар жасалады. Қызметкерлердің барлығы да жеке қорғаныш заттарымен қамтылған.Осындай қатаң режимде полиция қызметкерлері қылмыспен күрес жүргізуді де басты назарда ұстап келеді. Мәселен,  өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда қазір қылмыс саны 2 мыңнан астам фактіге азайып отыр

Хабар 24 телеарнасы