425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жазасын өтеуші әйелдер жұқпалы індетпен күреске үлес қосып жатыр

  • 299
  • UPD: 08:25, 23.04.2020

Атыраудағы әйелдер колониясында жазасын өтеушілер жұқпалы індетпен күреске өз үлесін қосып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 40 мыңнан астам бетперде тігіп шығарды. Коронавирус дерті жабық мекемені де айналып өткен жоқ. Өңірдегі карантиндік жүйеге байланысты сотталғандар туыстарымен тек Skype арқылы тілдесе алады. Әйелдер колониясындағы қазіргі ахуал мен жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектердің тіршілігі туралы келесі сюжетте.

Жазасын өтеуші Айжамал Қамысбайдың түзеу мекемесін қоныс қылғанына биыл 5 жыл. Келер жылы бұйырса, бостандыққа шығады. Ол күнді ата-анасы мен ағайындары тағатсыздана күтіп жүргені анық. Бұған дейін Айжамалға олар жиі қатынайтын. Қазір коронавирус індетінің облыста өршуіне байланысты кезекті кездесулерге шектеу қойылған. Енді  Айжамал туыстарымен аптасына 3 рет  бейнебайланыс арқылы тілдесе алады

Айжамал Қамысбай, жазасын өтеуші:

– Ағайындарыммен қатынас үзілген жоқ. Бұрын жиі келетін. Енді міне, карантинге байланысты «скайппен» тілдесуге мәжбүрміз. Әрине, 10-15 минутта мауқымыз басылмайды. Бірақ олардың амандығын біліп, өзімнің жайымды айтып қуанып  қалдым.

Жазасын өтеушілер мұнда текке отырмайды. Олар бұған дейін де мекеме-кәсіпорындардың тапсырысы бойынша арнайы жұмыс киімдерін тігетін. Бір жағы ермек, екінші жағынан өздері үшін табыс. Енді әлемді алаңдатқан індетпен күреске қапастағы тігінші қыз-келіншектер де өз үлестірен қосып жатыр. Күні бүгін мұнда 40 мың бетперде мен 600 қорғаныш кастюмі дайындалып, түзеу мекемесі мен полиция қызметкерлеріне тегін берілді. 

Қайрат Шонаев, облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары:

– Айта кететін жағдай, министрдің тапсырмасымен костюмді тігуші сотталушылар наурыз-сәуір айларында екі рет сый ақымен марапатталды.

Әйелдер колониясында жазасын өтеушілердің денсаулығы басты назарда. Сол үшін қазір елден келетін сәлем-сауқат, кездесулер уақытша тоқтатылды.  Мекеменің барлық қызметкері қатаң тексеруден өтеді. Кіре берісте арнайы қорғаныш шаралары жүргізіледі.  

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы