418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда өгей әкесі соққыға жыққан 8 жастағы баланың жағдайы ауыр

  • 189
  • UPD: 12:54, 23.04.2020
Талдықорғанда өгей әкесі соққыға жыққан 8 жастағы баланың жағдайы ауыр

Талдықорғанда өгей әкесі ұрған 8 жастағы бала ауруханада жатыр. Ал 1987 жылғы азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиевтің айтуынша, баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. «Баланың жағдайы ауыр. Әлі жансақтау бөлімінде болады. Науқас жасанды тыныс алу апаратынан ажыратылып, өзі демалып жатыр. Сөйлейді, тамақ іше алады», - деді М. Досқалиев.

8 жастағы оқушы ауруханаға 19 сәуір күні түнгі сағат 00:30 шамасында түскен.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 1987 жылғы күдікті ұсталып, қамалды.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қорытындысына сәйкес, іс сотқа жолданады» делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы