426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізден Ресейге 4 миллионнан астам масканы алып өтпекші болғандар ұсталды

  • 188
  • UPD: 12:54, 23.04.2020
Елімізден Ресейге 4 миллионнан астам масканы алып өтпекші болғандар ұсталды ҚР ҚМ ҚМК

БҚО-да тұрғындар 4 миллионнан астам медициналық масканы Ресейге алып өтпекші болған.

Батыс Қазақстан облысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті ҰҚК ШҚ бірлесе жоспарлаған «Курьер» жедел іс-шарасының аясында «халықтық тұтыну тауарлары» жүгімен тексеріс барысында табылған 4 475 600 бірреттік медициналық масканы Ресей Федерациясына тауар жөнелтме құжаттарынсыз тасымалдаған 7 автокөлік ұсталды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша 4 қылмыстық іс тергелуде.

Хабар 24 телеарнасы