430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бір кəсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге ұлғайды

  • 404
  • UPD: 14:09, 23.04.2020

Вирустық инфекцияға байланысты жарияланған карантин мен мəжбүрлі шектеу шаралары салдарынан қоғамдық тамақтандыру, туристік фирмалар, қонақүй, ірі сауда орталықтары, білім беру мен көлік қызметі жəне тағы да басқа халыққа қызмет керсететін кəсіпкерлік субъектілері шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін брифинг кезінде Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры Шыңғыс Ахметов хабарлады. Оның айтуынша, аталған проблема «Бизнестің жол картасы 2025» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы шешімін табады. Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушы үшін кредиттің құны банктік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды есептегенде 6%-ті құрайды. Бір кəсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге ұлғайды. Бұрын екі жарым млрд теңге болған. Бірақ салық жеңілдігі бәріне бірдей берілмейді.

 

Хабар 24 телеарнасы