418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан қаласында еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты

  • 171
  • UPD: 15:08, 23.04.2020
Нұр-Сұлтан қаласында еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты

Қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлерімен бірге азық-түлік себеттері мен гигиена заттарын (медициналық маскалар, антисептиктер) таратуды жалғастыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды. Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды.

«Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам», – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында.

Айта кетсек, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж жандарға, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы