425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Коронавирус пандемиясы аштыққа себеп болуы мүмкін

  • 284
  • UPD: 15:27, 23.04.2020
БҰҰ: Коронавирус пандемиясы аштыққа себеп болуы мүмкін

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша коронавирус пандемиясы ары қарай жалғасатын болса, алдағы уақытта әлемде аштық пандемиясы орнауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның Дүние жүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли 2020 жылы әлем бойынша 265 миллионға жуық адам коронавирустық пандемияның салдарынан ажал құшады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде қарулы-қақтығыс өршіп тұрған аймақтарда өмір сүретін миллиондаған бейбіт тұрғын, әйелдер мен балалар аштық алдында тұр. Гуманитарлық дағдарыс кем дегенде жаһанның 30 елінде орнауы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы