418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық 100-ден аса отбасы азық-түлікпен қамтылды

  • 229
  • UPD: 17:36, 23.04.2020
Қарағандылық 100-ден аса отбасы азық-түлікпен қамтылды

Қарағандылық волонтерлер қайырымды жандармен бірлесіп, қарияларға, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына барынша қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлік пен дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды сатып алуға аймақтағы жомарт азаматтар қаржылай көмек берсе, жеке көлігі бар 40-қа жуық волонтер оны мұқтаж адамдардың үйіне жеткізіп берді. Бұл игі шара күн сайын жүргізілуде. Осы күнге дейін 100 отбасына көмек жеткізілген.  

Марғұлан Тұяқов, «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлар штабының жетекшісі:

– Көптеген жомарт жандардың көмегімен көпбалалы аналарды, мүгедектерді, қарттарды қолдап жатырмыз. 7 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 100-ден аса отбасы тегін азық-түліктермен қамтамасыз етілді.

Хабар 24 телеарнасы