423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда екі тұрғын үй карантинге жабылды

  • 432
  • UPD: 19:23, 23.04.2020
Қостанайда екі тұрғын үй карантинге жабылды

Қостанайда көпқабатты екі тұрғын үй карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірінде тұратын 37 жастағы әйелден вирус анықталған. Оқшауланған келесі үйде науқастың ата-анасы тұрады екен. Дерт жұқтырған келіншек таяуда сол үйде қонақта болған көрінеді. Қазір подъездердің алдына турникеттер орнатылып, қоқыс контейнері қойылды. Тұрғындар үшін карантин 14 тәулікке созылады.

Алмат Байкенове, қалалық бас санитарлық дәрігер:

– Тамақты тапсырыс қызметі және туысқандары әкеледі. Есіктерін ешкім жапқан жоқ. Турникеттер ғана тұр. Полицейлер ешкімді жібермейді, шығармайды.

Хабар 24 телеарнасы