427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 30 млн теңге мемлекет қаржысы үнемделді

  • 352
БҚО-да 30 млн теңге мемлекет қаржысы үнемделді

Батыс Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласы қоғамдық бақылауға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол жоба жемісін бере бастады. Арнайы топ мүшелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің құнын, орындалу мерзімін, конкурс шарттарында белгілі бір заңды тұлғаның мүддесі болмауын бақылап келеді. Соның арқасында жыл басынан бері өңірде 30 миллион теңге үнемделген. Шыңғырлау және Тасқала аудандарында нарықтағыдан жоғары баға қойылған екі жағдай тіркелген. Заң бұзушылыққа жол берген лауазым иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

Нұрдәулет Сәмет, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Қазір таңда аталған қаражаттар басқа маңызды бағыттарда қолданылып жатыр. Мысалы, Сырым ауданындағы спорт және мәдениет бөлімі спорттық жабдықтар сатып алу кезінде бағасын көтеріп қойған. Біздің хабарламамыз негізінде олар бағаны төмендетіп, 13 млн теңге үнемделді. Сонымен қатар бұл жұмысқа біз қоғам өкілдерін тартуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы