423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Nur Otan» «Лесная поляна» шағын ауданын электр қуатымен қамтамасыз етуді бақылауға алды

  • 270
  • UPD: 22:52, 23.04.2020

Біздің арнадан шыққан арнайы материалдан кейін партия төрағасының бірінші орынбасары өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауыржан Байбек Ақмоладағы партияның филиалына бұл мәселені түбегейлі шешуді тапсырды.

Естеріңізге салайық, тұрғындар соңғы 4 күнде пәтерлерде электр жарығы жоқтығын айтып, шағымданған. Тіпті карантин режимін бұзып, наразылық білдіруге мәжбүр болған. Біз осы ауданның тұрғынына хабарластық. Оның айтуынша, жарық бүгін таңғы 3-те берілген.

Азамат Қанапиянов, Степногорск аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

–Кеше түнгі сағат 2-де апат толық қалпына келтірілді. Бүгін таңда толықтай берілді. Енді бұл мәселе аудандық бақылау комиссиясының бақылауында болады. Осы жылдың мамыр айында толық бітіріп, мәселе өз шешімін табады.

Ақерке Абдуәлиева, Лесная поляна шағын ауданының тұрғыны:

– Біз апаттың толығымен жойылғанына көз жеткізе алмаймыз. Себебі бұл жерде үлкен апат болды. Тіпті кабельді ауыстырғанның өзінде жарық қайта сөнді. Пәтер иелерінің кооперативі техникалық ақаудың неден пайда болғанын білмейді.

Хабар 24 телеарнасы